Жоба туралы

Скачать шаблоны для cms Joomla 3 бесплатно.
Зелёные шаблоны джумла.

Мобильді кітапхана құру идеясы екі жыл бұрын туындаған. Біз оның өлкетану бағытында болғанын қаладық.  Кітапхананың кітап қоры Ертістің Павлодар өңірінен шыққан қазіргі кезеңдегі авторлардың шығармаларынан құралады, олармен авторлық келісім шарт жасалған. Мобильді кітапхана қарапайым стендтан тұрады, онда кітап сөрелері көрсетілген. Әр басылымның мұқабасында жеке QR-код басылған. Әр оқырман өзінің мобильді құралдары арқылы ұнаған шығармаларды электронды түрде ақысыз көшіріп алуларына болады.

Бұл үшін тек арнаулы QR Code  Reader қосымшасын немесе көптеген интернат-сайттардағы ақысыз қолжетімді басқа қосымшаларды  пайдаланып, (жүктеу туралы инструкция берілген) таңдаған кітаптың QR-кодын сканирлеу керек.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана жаңа әдеби ғаламтор – жобасымен танысуға шақырады. Электронды оқуды сүюшілердің саны артып келеді. Бүгінгі жағдайда кітаптың түрі өзгеруде, адамдар ойлау қабілетін жоғалтпағанша оқырмандар жоғалмайды. Кітаптарға, олардың авторларына сұраныстар болады, біздің жобамыздың мақсаты жаңа оқырмандарды шығармалармен виртуалды кездестіру. 

«Ертістің Павлодар өңірінің қазіргі кезеңдегі авторлары» электронды кітапханасының өз аудиториясы болады деген сенімдеміз, жоба оқырмандармен қатар, авторларды да қызықтырады.  Жаңа жанрларда жаңа басылымдар шығады, жобаның жаңа бөлімдері ашылады.

Жобаны жасаушылар – С. Торайғыров атындағы ОӘҒК-ның автоматтандыру бөлімі: Г.Е. Иванова, бөлім басшысы, С.А.Гуринов, инженер-системотехник, Б.Ж. Санатова, аға кітапханашы.

Аударған: Ж.К. Қажыбаева - КДжӘЖБ-нің басшысы.

Уникальная программа снижения веса от Фаберлик.
Новинки косметики фаберлик на faberllena.ru